СҚО-да зиянкестерге жататын көбелек құрты жойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да зиянкестерге жататын көбелек құрты жойылды

11.07.2023

Солтүстік Қазақстанда ауыл тұрғындарын әуреге салған жұлдызқұрт жойылды. Естеріңізге сала кетсек, Қызылжар және Мағжан Жұмабаев ауданының бірнеше елді мекенінде кенеттен көбелек құрты қаптап кеткен болатын. Зиянкестер тұрғындардың бау-бақшаларына айтарлықтай зиян келтірді. Жауапты органдар жұлдызқұрттарды бірден улауға кірісті. Нәтижесінде зиянкестер жойылды. Мамандардың айтуынша, көбелек құртынан келер әлі де қауіп бар көрінеді.

Қабиден Сәдуақасов, «Фитосанитариялық диагностика және болжам орталығы» РММ филиалының жетекшісі:

30-40 күннен кейін жұлдызқұрттың тағы да пайда болуы мүмкін. Бір көбелектің өзі 600-ге дейін жұмыртқа салады. Сондықтан да екінші ұрпақтың жұлдызқұрттары басқа да ауылдарда болуы мүмкін.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу