ЖОО грантттарының 60%-ы техникалық мамандықтарға бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЖОО грантттарының 60%-ы техникалық мамандықтарға бөлінді

10.07.2023

Жоғары оқу орындарының грант конкурсына өтініштер шілденің 13-і мен 20-сы аралығында қабылданады.

Бүгін ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысын жариялады. Құжаттарды кез-келген жоғары оқу орны арқылы тапсыруға болады. Немесе еGov арқылы онлайн да жолдауға мүмкіндік бар. Биыл бакалавриатқа жалпы 73 мың грант бөлініп отыр. Оның 60 пайызы техникалық мамандықтарға берілген.((Графика)) Мәселен Инженерлік, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс салаларына 18 мың 700-ден аса, педагогикалық ғылымдарға он екі жарым мың, ақпараттық-коммуникациялық технологияларға он мыңдай, ал жаратылыстану, математика және статистикаға 7 мыңнан аса грант бөлінді. Бұдан бөлек серпін бағдарламасына және халқы тығыз орналасқан өңірлер мен жаңадан құрылған облыстарға қосымша грант қаралған.

Қуаныш Ерғалиев, ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің орынбасары:

Талапкерлерді осы өңірлік университеттерге түсуге кеңес береміз. Сапа жағынан еш кем түспейді. Және жатақхана мәселесі де жоқ. Тағы бір мүмкіндік ашылып жатқан шетелдік университеттердің филиалдары өңірлік университеттерде ашылып жатыр.


Хабарламаларға жазылу