Шымкентте «Қазақтелеком» АҚ жұмысшылары құзырлы орындардан араша сұрайды
Шымкентте «Қазақтелеком» АҚ-ы аймақтық департаментінің бір топ жұмысшысы қолдау тобын құрып, әлеуметтік желі арқылы құзырлы орындардан араша сұрап отыр. Айтуларынша, мамыр айында компания жұмысын оңтайландыру мақсатында 95 қызметкерді жұмыстан қысқарту туралы бұйрық шыққан. Алайда, қарамағындағы қызметкерлердің құқын қорғаймын деген 4 азамат кейін өздері жұмыстан қуылған.
Гүлмира Жасқалиева, Шымкент және Түркістан облысы бойынша «Қазақтелеком» АҚ қызметкерлері кәсіподағының төрағасы:
Біздің қызметкерлердің жұмыс берушіден талап етіп отырғаны – бұйрықтың күшін жойдыртып, 30-40 жыл осы салада үзбей жұмыс жасап, еңбегін көрсетіп, компанияның ең жоғарғы марапатын алған төрт азаматамызды өз орнына отырғызу.
Компания басшылығы болса, олардың жұмыстан шығарылуына қызметтеріндегі бірқатар кемшіліктер себеп дейді. Тексеру кезінде жоғары кернеулі электр бағаналарына телекоммуникация сымдарын қосарлап жүргізу және талапқа сай болмауына қатысты 22 дерек анықталған.
Жандос Бимендиев, «Қазақтелеком» АҚ желілік дивизионының директоры:
Қатынау желісі департаменті пайдалану қызметінің 4 қызметкерінің еңбек заңнамасына сәйкес тәртіптік шара қолдану арқылы жұмыстан шығарылуының басты себебі – қауіпсіздік және еңбекті қадағалау ережелерінің өрескел бұзуылуы, лауазымды консультанттар мен компания стандарттарының орындалмауына жол бергендігі үшін жүзеге асырған.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Каспий теңізінің тартылуын Қазақстан мен Дағыстан ғалымдары бірлесе зерттемек
23.07.2026, 17:29
Оралда бұралқы иттер мал мен құсты қырып кетті
23.07.2026, 17:26
«Бір ауыл - бір өнім» жобасына 38 кәсіпкер қатысты
23.07.2026, 17:24
Ел жаңалықтарына шолу
23.07.2026, 17:23
Павлодар облысында ауыр жүк көліктері жүргізушілерінің ереже бұзуы 3 есе азайған
23.07.2026, 17:21
Отандық ұшқышсыз жүйелер мен кешендер «Спасск» полигонында сынақтан өтті
23.07.2026, 17:19
Үкімет жаңа KazSat-3R спутнигін жасауға 10,4 млрд теңге бөлді
23.07.2026, 17:18
Биыл елде 150 ағза трансплантациясы жасалған
23.07.2026, 17:15