Қазақстан-Швейцария байланысы нығаяды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан-Швейцария байланысы нығаяды

05.07.2023

Президент Швейцарияның Сыртқы істер министрі Иньяцио Кассисті қабылдады.

Швейцария – Қазақстанның Еуропадағы негізгі саяси, сауда және экономикалық серіктестерінің бірі. Еліміздің экономикасына 32,5 миллиард доллар инвестиция құйған. Мемлекет басшысы бұл бағытта шетелдік компанияларға қолдау жалғаса беретінін айтты.

Иньяцио Кассис екіжақты ынтымақтастықты нығайту ісіне атсалысуға дайын екенін жеткізді. Ол елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды реформаларды жоғары бағалады.


Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу