Еуроодақ Орталық Азия елдерінің жасыл энергияға көшуге бағытталған жобаларын қолдауға дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуроодақ Орталық Азия елдерінің жасыл энергияға көшуге бағытталған жобаларын қолдауға дайын

05.07.2023

Еуропалық Одақ Орталық Азия елдерінің жасыл энергияға көшуге бағытталған жобаларын қолдауға дайын. «Орталық Азия үшін таза энергетикалық болашақ» деген атпен Брюссельде өткен басқосуда тараптар жасыл энергетиканы дамыту жолындағы сын-тегеуріндерді талқылады. Еліміздің Бельгиядағы елшісі Марғұлан Баймұхан Қазақстандағы төмен көміртекті технологияға 2060-жылға дейін 610 млрд доллар инвестиция қажет екенін мәлімдеді. Аймақтағы энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Орталық Азияда Еуропадағыдай трансұлттық электр желісін құру қажет-дейді сарапшылар.

Нұрлан Қапенов, «Qazaq Green» ЖЭК қауымдастығының төрағасы:

Бізге маневрлік энергия көздерін, газ генерациясын, гидроэнергетиканы дамыту қажет. Ол үшін гидростанциясы бар аймақтағы елдермен өзара ынтымақты арттыру маңызды. Ортақ трансұлттық желіні құрсақ-энергияға сұранысты теңгерімді ету проблемасын шешер едік.

Тери Хакала, Еуропалық одақтың орталық азия бойынша арнайы өкілі:

Аударма әйел оқыдым. Орталық Азия елдерінің жасыл энергияға көшуі, жасыл сутек, жасыл энергияны дамытуға күш салуы қуантады. Дегенмен, ол қомақты қаражатты талап етеді. Еуропалық Одақ аймақ елдеріне қолдау көрсетуге әзір. Одақтың энергия қауіпсіздігіне қатысты өз стратегиясы, диалогы бар. 


Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу