Солтүстік Қазақстанда қоршаған ортаға зиян келтірген шаруа қожалығы жауапқа тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда қоршаған ортаға зиян келтірген шаруа қожалығы жауапқа тартылды

04.07.2023

Солтүстік Қазақстанда қоршаған ортаға зиян келтірген шаруа қожалығы жауапқа тартылды.

Естеріңізге сала кетсек, Шал ақын ауданындағы Афанасьевка ауылының маңындағы орман алқабында минералды тыңайтқыш төгіліп, ағаштар қурап қалған еді. Улы зат жергілікті «Asуl Farms» серіктестігіне тиесілі болып шықты. Мамандардың айтуынша тыңайтқыш құйылған цистернаның бұрандасы ашылып кеткен. Салдарынан 4 тонна сұйықтық жерге төгілді. Адам және жануарлардың улану дерегі тіркелген жоқ. Келеңсіз жағдайдан кейін облыстық экология департаменті жоспардан тыс кешенді тексеріс жүргізді. «Asуl Farms» серіктестігіне 1 млн 200 мың теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар шаруашылық топырақ пен орманды қалпына келтіруге міндеттелді.

Азамат Бектасов, облыстық Экология департаментінің жетекшісі:

Жер учаскесін әртүрлі реагенттермен қалпына келтіре алмаса, осы жер учаскені қайта қазып, зардап шеккен учаскені утилизацияға жіберіп, жаңадан ер әкеліп, сосын әртүрлі шөп, ағаштар отырғызып, осындай жұмыстар жасауы керек.

Эльмира Кәленова

Хабарламаларға жазылу