Түркістан облысында екі мың жыл бұрынғы алтын әшекей табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында екі мың жыл бұрынғы алтын әшекей табылды

04.07.2023

Шымкенттік ғалымдар археологиялық қазба жұмыстары кезінде Арыс өзені бойынан 2 мың жыл бұрын жерленген адам cүйектерін аршып алды. Қорымнан алғаш рет алтын бұйымдар табылып отыр. Мұнда бір отбасының мүшелері түгел жерленген. Тарихшылардың айтуынша олар Қаңлы мемлекетінде өмір сүрген. Тонаушылардан аман қалған қорымда әйел адамның алтын сырғасы мен күміс алқасы сол күйі сақталған. Алқаның 400-ден астам моншақ тасы бар. Қорымның биіктігі шамамен бес жарым метр. Басқа да табылған жәдігерлерге қарағанда қыз-келіншектер сол дәуірдің өзінде сұлулыққа ерекше мән бергені байқалады. Тарихи орыннан пішіні бөлек үш түрлі ыдыс та табылды. Оның бірі – косметикалық қара бояуы бар құмыра.

Александр Подушкин, археолог, тарих ғылымдарының докторы:

Алтын бұйымдарды негізінен сақтар жиі қолданған. Қаңлыларда ол сирек кездеседі. Тек олардың ең дәулетті деген адамдары ғана әшекей бұйым ретінде тағып жүрген. Табылған жәдігерлер Қаңлы мемлекетінің материалдық жағдайын бағамдауға және адамды жерлеу дәстүрін танып білуге мүмкіндік бермек. 


Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу