Азаматтардың жекелеген санаттары үшін жәрдемақы мөлшері артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азаматтардың жекелеген санаттары үшін жәрдемақы мөлшері артты

01.07.2023

Бүгіннен бастап жәрдемақы мөлшері артты. Азаматтардың жекелеген санаттары үшін ол 14,5%-ға өскен.

Сонымен жеті және одан да көп баласы бар аналарға берілетін жәрдемақы 7,4 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Ал мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылғандар, арнайы әлеуметтік жәрдемақылар, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтындарға, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, асырап алушыға, қорғаншыға жәрдемақы мөлшері 14,5 пайызға артты.


Хабарламаларға жазылу