Семейде мүгедектігі бар жандарға арналған абилитация және оңалту орталығы жұмыс істеп тұр
Семейде мүгедектігі бар жандарға арналған абилитация және оңалту орталығы жұмыс істеуде. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасына сәйкес салынған нысан 150 орынға арналған. Семей сынақ полигонынан зардап шеккен тұрғындарға мұндай әлеуметтік мекеме ауадай қажет. Заманауи орталық ересектер мен балаларға тегін қызмет көрсетеді.
Денсаулығын оңалтуды қажет ететін тұрғындар бұрындары ем алу үшін басқа қалаға немесе ақылы шипажайларға жүгініп келген. Енді алысқа сабылмай жаңа мекеменің игілігін көре бастады. Заманауи медициналық, оңалту құралдарымен жабдықталған орталықтың жұмысына пациенттер дән риза.
Кенжехан Баймұратов, Семей қаласының тұрғыны:
Осы орталыққа келгеніме 2 күн болды. Адаптация бәрін өттім. 5 уақыт тамағы жақсы. Емі, массаж, физио бәрі ұнады жақсы. Орталықтың күтімдері жақсы. Бәрі тегін.
Бақыт Шылғаубаева, Семей қаласының тұрғыны:
Маған бұл жер ұнайды. Таңертеңнен емдік дене шынықтыру қабылдаймыз. Содан кейін демаламыз. Менің денсаулығыма жақсы әсер етіп жатыр. Балаларға жеке бөлім, ересектерге жеке бөлім бар екен.
Орталықта басқа қаладан немесе ауылдардан келгендерге 1 айдан 6 айға дейін үздіксіз ем алуға мүмкіндік жасалған. Оған қоса күндізгі стационар жұмыс істейді. Жаңа туған сәбиден 6 жасқа дейінгі балаларды емдеу кезінде ата-аналар үшін жатын орын қарастырылған. Мекемеде, әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық, медициналық сынды 8 түрлі көмек көрсетіледі.
Айдос Тілемісов, Абилитация және оңалту орталығының директоры:
Қызмет алушыларға таңғы 8-ден кешкі 5-ке дейін осында қажет ем шаралары жасалады. Тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға қажеттті шынықтыру жүргіземіз. Бассейн жұмыс істеп тұр. Қазір біз қызмет алушылардың құжаттарын қабылдап жатырмыз. 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар тұрғылықты жері бойынша ауруханаға жүгініп, медициналық-әлеуметтік сараптама арқылы арнайы порталда тіркелгеннен кейін бізге келеді.
Абилитация және оңалту орталығы облыстағы барлық қалалар мен аудандарды қамтиды. Бір мезетте 110 бала мен 40 ересек адамға қызмет көрсетуге лайықталған. Жылына 400 адамға дейін қабылдауға қауқарлы.
Ержан Жақып
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін парашаңғышыларымыз сайысқа шығады
10.03.2026, 13:24
1218 адамға жәрдемақы мен әлеуметтік төлем автоматты түрде тағайындалған
10.03.2026, 13:21
Жетісу облысындағы 469 дауыс беру учаскесі дайын
10.03.2026, 13:15
Жаңа Конституция – дамудың жаңа кезеңі
10.03.2026, 13:12
Трамп Таяу Шығыстағы соғыстың кешікпей аяқталатынын мәлімдеді
10.03.2026, 13:09
Республикалық маңызы бар тас жолдар жабылды
10.03.2026, 13:06
Астананың күні күрт бұзылды
10.03.2026, 13:03
«Наурыз» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды
10.03.2026, 13:00