Нью-Йорк жағалауына мұхиттан «тісқұйрықты» беймәлім жануар шығып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нью-Йорк жағалауына мұхиттан «тісқұйрықты» беймәлім жануар шығып қалды

13.05.2020

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласы маңындағы жағалауға шығу тегі белгісіз тіршілік иесі шығып қалды. Беймәлім жаратылыс иесін шаһардың Лия Деннисон есімді тұрғыны серуен барысында тауып алған.

Лия Деннисон әлеуметтік желіде жариялаған көрініске қарасақ, жануардың құйрығы ұзын әрі тіске ұқсас майда қылқандармен қапталған. Ғаламтор қолданушылары оны теңіз түлкісіне ұқсатқан болатын. Алайда арнайы мамандар теңіз түлкілері Атлант мұхитының шығыс жағалауында ғана тіршілік ететінін, батыс жағалауға келуін айтып отыр.

Қазіргі таңда жануардың шығу тегі мен қай топқа жататыны анықталып жатыр.

Дереккөз: Lenta


Хабарламаларға жазылу