Парламентте заңсыз алынған активтерді қайтару туралы заң қабылданды
Парламентте заңсыз алынған активтерді қайтару туралы заң қабылданды. Сенат бұл заң жобасын екі оқылымда қарап, мақұлдады. Құжат Қазақстанға заңсыз жолмен алынған мүлікті анықтау мен қайтарудың және оларды экономикалық айналымға тартудың заңнамалық тетіктерін айқындауға, мүлікті заңсыз иемдену мен алып қоюға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жоюға, сондай-ақ қоғамда әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге бағытталған.
Андрей Лукин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Ерікті қайтару заңсыз алынған мүліктің барлығын немесе бір бөлігін өз еркімен қайтару туралы шарттар жасасу арқылы мемлекет меншігіне беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжбүрлеп қайтару Қазақстанның, шет мемлекеттердің сот актілері немесе олардың құзыретті органдарының шешімдері негізінде жүзеге асырылады. Онда қайтарылған активтерді жинақтау және Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық жобаларды қаржыландыру үшін арнайы мемлекеттік қор мен басқарушы компания құру қарастырылған.
Жалпы Сенат қабырғасында үш үкімет сағаты, 16 дөңгелек үстел және 19 органның басшылықтарымен кездесу өтіп, көптеген өзекті мәселелер көтерілді. Сондай-ақ бұл сессияда 50-ден аса депутаттық сауал жолданған.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06