Қостанайда көкпардан ашық чемпионат өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда көкпардан ашық чемпионат өтті

29.06.2023

Қостанайда көкпардан облыстық ашық чемпионат өтті. Сайысқа аудандарда жасақталған 7 команда қатысып, өзара бақ сынасты.

Жарыс нәтижесі бойынша мықты көкпаршылар мен аттар іріктеліп, облыстық құрама сапына кіретін болады. Ал жаңадан жасақталған құрама команда тамыз айында өтетін республикалық чемпионатта облыс намысын қорғайды. Өңірде бір жыл ішінде көкпардан 5 командалық, 10-15-ке дейін жаппай сайыс ұйымдастырылады. Мақсат – кенжелеп қалған ұлттық ат спортын дамытып, ел бойынша үздіктер қатарынан көріну.

Бақдәулет Асанов облыстық көкпар федерациясының жаттықтырушысы 2005-ші жылға дейін Қостанай құрамасы топ үштікке кіретін. Бірақ соңғы жылдары ол дәрежеден кетіп қалды. Қазір енді барынша қолға алып, қымбат аттар сатып алып, шабандоздарды жақсылап жасақтап, биылғы ел чемпионатын қатты күтіп жүрміз. 


Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу