Қазақстанда қалыпқа салып илемдеудің сапасын тексеруге бағытталған бірінші зертхана ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда қалыпқа салып илемдеудің сапасын тексеруге бағытталған бірінші зертхана ашылады

15.09.2015
 Қазақстанда қалыпқа салып илемдеудің сапасын тексеруге бағытталған бірінші зертхана ашылады

Бұл Ұлттық сараптау мен сертификациялау орталығының тиісті аттестацияға қол жеткізуінен кейін мүмкін болып отырған жағдай.

Зертхана Ақтөберельсті арқалық зауыты құрылысының бөлшегі болып табылады және оны «Қазақстанның баму банкі» қаржыландырған. Ақтөберельсті арқалық зауыты биылғы жылдың соңына дейін іске қосылады деп жоспарлануда.  

Сынақ зертханасының базасында зауыт шығаратын өнімдердің ауысым жиілігі, мықтылығы, химиялық құрамы, қаттылығы, ұзындығы, байланысының нығыздығы сияқты 16 бағыт бойынша сапасын тексеру жұмыстары жүзеге асырылады.  

Болашақта зертхана тек рельсті арқалық зауытының ғана емес, металургия саласындағы өзге де салалардың өнімдерін бағалайтын болады деп күтілуде, деп хабарлайды «Қазақстанның баму банкі» АҚ-ның баспасөз қызметі.

«Біздің зертхана Кедендік одақтың техникалық регламенттеріне сәйкес, өнімдердің қабылдау өткізу сынақтарын жүзеге асырады. мамандарымыз Ресей, Италия сияқты мемлекеттердің зертеу орталықтарында оқыған және олар химиялық сынақтарды жүзеге асырады», - дейді  «Ақтөбе рельті арқалық зауыты» ЖШС-нің орталық зертханасының бастығы Бегалы Турабеков.

Зауыт толық қарқынында жұмыс істеген жағдайда онда 93 тұрақты жұмыс оорындары болады.  

 

Хабарламаларға жазылу