Үш күнге созылатын мейрам Айт намазын оқудан басталды. Енді жұртшылық үш күн бойы Алла разылығы үшін құрбандық шалады. Әріптесім Азамат Бейбітұлы базарға барып, құрбандық шалып жатқан айғайынмен тілдесіп қайтты.
Базарда сауда қызып тұр. Құрбандық шалуға ниет еткендер көп. Ерікнжан Ұлықбай таңнан бері 30 бас қойды сатып үлгерген.
Еркінжан Ұлықпан:
Қойлардың бағасы әртүрлі. Салмағына қарай. 30-тен бастап 80-ге дейін барып жатыр. Әрқалай.
Иә,төрт түліктің құны салмағына қарай қымбаттай береді. Бір қуанарлығы биыл бағаны негізсіз өсіріп жатқандар байқалмайды.
Ілияс Отаров, Әзірет Сұлтан мешітінің діни қызметкері:
Имамдарымыз үндеу жасады. Бағаны шарықтатып жібермеңдер деп барынша түсіндіріп жатыр.
Жалпы, құрбандық шалу кімге уәжіп? Әуелі адам мұсылман болуы керек. Ақыл-есі дұрыс, балиғат жасынан асқан және нысап мөлшеріндегі қаржысы болуы керек. Ол – 85 грамм алтын немесе шамамен 1 млн 300 мың теңге. Қой мен ешкі, ірі қара мен түйені құрбандыққа шалуға болады. Айтпақшы, базарда ірі қараның бағасымен бірдей қой да бар.
Азамат Бейбітұлы, тілші:
Мынау үш жасар қошқар – Еділбай тұқымы. Баянауылдан алып келіпті. Қазіргі салмағы 200 келі. Сойғанда кемі 90-100 келі береді. Бұл мал базарындағы ең қымбат тұқым. Себебі, бағасы 300 мың теңге.
Елдің бәрі Еділбай тұқымын алып жатқан жоқ, әрине. Қойды 35-40 мыңнан да табуға болады. Құрбандық шалғанда ең бастысы ысырап жасамау керек. Тазалыққа мән берген абзал.
Сансызбай Құрбанұлы, ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі:
Құрбандық шалғаннан кейін жүрген жерінде тазалап кетуі керек. Ішек қарынын тазалап, басын ұйыту керек. Шалған жерін ластап кетуге болмайды.
Базарда қасапшыларда бағаны шарықтатпай 3-4 мың теңгеден малды сойып жатыр. Жалпы, құрбан шалу уақыты – үш күн. Ханафи мәзһабында бұл рәсім Айт намазы оқылып болған соң басталады. Уақытынан бұрын рәсімді орындағанның құрбандығы жарамсыз болады дейді дін өкілдері. Мейрам 30 маусымға дейін созылады.
Азамат Бейбітұлы