1 шілдеден бастап «Алтын алқа» иегерлерінің жәрдемақысы өседі
1 шілдеден бастап «Алтын алқа» иегерлерінің жәрдемақысы өседі. Төлем 7,4 айлық есептік көрсеткішке дейін артады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты. Көмек 90 мың көпбалалы анаға беріледі. Бұл бірінші шілдеден бастап күшіне енетін Әлеуметтік кодекске енгізілген өзгеріс.
Тамара Дүйсенова, ҚР Премьер-Министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
Кодексте айрықша қажеттілігі бар азаматтарға да көп көңіл бөлінген. Негізгі мақсат мүгедектігі бар азаматтарды жәрдемақыларын көбейту. Сондай-ақ, арнаулы әлеуметтік қызметтерді қолжетімді ету. Ол үшін биылғы жылдың бірінші шілдесінен бастап мүгедектігі бар адамдарға, оларға күтім жасайтындарға, асыраушысынан айырылған отбасыларға төленетін жәрдемақы мөлшері 14,5 пайызға көбейеді.
Валюта бағамына тоқталайық. Бүгінде бір АҚШ доллары 450 теңге 43 тиыннан саудаланып жатыр. Ал еуро бір күнде 3 теңгеге қымбаттап, Қор нарығында 493 теңге деп бекітілді. Ал ресейлік валютаның құны күндегідей құбылып тұр. Бір рубль – 5 теңге 30 тиын шамасында.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Qurban.muftyat.kz сайты іске қосылды
14.05.2026, 13:27
Жетісу облысында 4 шақырым жерді тазалады
14.05.2026, 13:21
АҚШ-тың блокадасынан Кубада отын таусылды
14.05.2026, 13:18
Трамп пен Си Цзиньпин арасында келіссөздер өтіп жатыр
14.05.2026, 13:15
Алматыда ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды
14.05.2026, 13:12
Жеңіл өнеркәсіп өндірісі 2 есе артты
14.05.2026, 13:09
Сенат жаңа ордендерді мақұлдады
14.05.2026, 13:06
Түркі өркениетіне ортақ тұлғаларды насихаттау аса маңызды
14.05.2026, 13:03