Қазақстандық бишілер еуропалықтарды тамсантты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық бишілер еуропалықтарды тамсантты

26.06.2023

Қазақстандық өнерпаздар талантымен еуропалықтарды тамсантты. Бельгияда өткен бүкіләлемдік фольклорлық би фестивалінде 11 елдің бишілерімен бірге «Номад» хореография академиясының студенттері де өнер көрсетті.

8 бен 18 жас аралығындағы таланттар көптің назарына «Қазақ даласының аңызы» спектаклін ұсынды. Махаббат пен мейірімге толы қойылымда қазақ қыздарының батырлығы, халқымыздың салт—дәстүрі мен қонақжайлылығы кеңінен көрсетіледі. Сырға толы ұлттық аспаптардың қоңыр үні, көздің жауын алатын ұлттық киімдер бельгиялықтарды тәнті етті. Талантымен тамсантқан шеберлердің өнеріне көпшілік қошаметті жаудырды.

Даниэль Кустри, фестиваль директоры:

Бұл өзгеден ерек спектакль. Хореографиясы сиқырлы. Хореограф Айнагүл ханымның балалармен керемет жұмыс істегені көрініп тұр. Жас таланттардың сахнадағы әр қимылы ерекше әсер берді.

Клод Денволе, көрермен:

Мәдениеттеріңізбен етене танысуға мүмкіндік алдық. Баланың туғанынан, ер жетіп, үйленген тойын тамашаладық. Ғажап қойылым үшін көп рахмет!

Нұрсұлу Қасым 

Хабарламаларға жазылу