Астанада «Елорда мақтанышы» мектеп бітіру кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Елорда мақтанышы» мектеп бітіру кеші өтті

23.06.2023

Астанада «Елорда мақтанышы» мектеп бітіру кеші өтті. Оған бас қаланың 10 мыңға жуық түлегі қатысты. Жиналған жастарға түрлі салада айтарлықтай жетістіктерге жеткен азаматтар өздерінің кәсіби білімдері мен тәжірибелерімен бөлісті. 

280 «Алтын белгі» иегері, 600-ден аса «Үздік аттестат» иелері және жалпы 100 мыңға жуық астаналық түлек бүгін осы жерде жиналды. Бұл оларға арналған мереке.

Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі:

Өздеріңіз секілді жігерлі, ақылды, білімді жастар алға қойған мақсаттарын орындап, үлкен жеңістерге міндетті түрде қолжеткізеді. Біз сіздерді мақтанышпен елорда түлектері деп атаймыз. 

Бүгінгі шараға келген меймандардың бірі - Бинұр Исатаева. Ол «Алтын белгіні» абыроймен қорғаған түлек.

Бинұр Исатаева, «Алтын белгі» иегері:

Мен осы Астанадағы ЖОО түскім келеді. Жалпы өзім менеджмент мамандығын таңдап отырмын. Болашақта үлкен компанияларда менеджер болып жұмыс істегім келеді.

Биылғы жыл Астана қаласының білім басқармасы үшін оң нәтижелерге толы болды.

Қасымхан Сенғазыев, қалалық білім басқармасының басшысы:

Оқу жылы табысты аяқталды. Білім сапасының көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда жоғары. Біздің биыл бітіріп жатқан 80 түлегіміз әртүрлі халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жұмыстардың жеңімпазы атанды.

Салтанатты шара барысында билік өкілдері мен елге танымал азаматтары түлектерге арнап құттықтауларын айтты. Сондай-ақ арнайы көрме ұйымдастырылып, танымал жұлдыздардың қатысуымен концерт өтті.


Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу