Сенатор өртке қарсы қызмет сапасын сынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенатор өртке қарсы қызмет сапасын сынады

22.06.2023

Астананың іргесінде өртенген құрғақ шөп әлі толық өшірілген жоқ. Жалпы ел ішінде өртке қарсы қызмет мекемелері жетіспейді. 426 бөлімше бар. Тағы 121 депо керек. Техникалар да тозып тұр. 30-50 жыл бұрын берілгендер әлі де қолданыста. Сенатор Сергей Ершов осылай деп, Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады. Абай облысындағы алапат өрт төтенше жағдай саласындағы бірқатар жүйелі проблемаларды ашық көрсетті дейді. Бұл проблемаларды шешуге қаржы бөлініп жатыр, бірақ игерілуінде шикілік көп. Есеп-қисап осыны көрсетті деп отыр. Сондықтан жекешеленген кәсіпорындар портфелін әртараптандырып, төтенше жағдайды жою барысында мемлекеттік емес ұйымдардың жауапкершілігі жөнінде нормативтік-құқықтық реттеуді жетілдіруді ұсынды.

Сергей Ершов, ҚР Парламенті Сенатының Депутаты:

Жағдайға егжей-тегжейлі талдау жасау барысында маңызды екі проблема анықталды. Біріншісі – төтенше жағдаймен күресте әлеуетті күштер мен тиісті құралдар жетіспейді. Екіншісі – төтенше жағдайдан қорғауды қамтамасыз етудегі жүйелі тәсіл жоқ. Ел аумағында мемлекеттік емес өртке қарсы 331 қызмет нысаны бар. Бұл еліміздегі өрт сөндіру бөлімшелерінің жартысына жуығы мемлекеттік емес дегенді білдіреді.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу