Маңғыстауда кен орнындағы өрт әлі өшірілген жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда кен орнындағы өрт әлі өшірілген жоқ

22.06.2023

Маңғыстауда «Оңтүстік Қаратұрын» кен орнындағы өрт әлі өшірілген жоқ. Мамандар 13 күннен бері қызыл жалынды ауыздықтаудың жолын таба алмай жатыр.

Аягөз Оралбайқызы, тілші:

«Газ-су аралас бұрқақ әлі жанып жатыр. Жалынның биіктігі 7-10 метр. Ал жоба бойынша ұңғыманың тереңдігі - 1200 метр», - дейді мамандар. Төтенше оқиғаға байланысты арнайы штаб құрылған болатын. Қазір апатты жоюдың жоспары әзірленді. Жанып жатқан ұңғымаға көлбеу бағытталған екінші ұңғыманы салу үшін жеке техникалық жоба дайындалған. Оны бұрғылау мақсатында 2 алаңның құрылыс жүріп жатыр.

Сондай-ақ өрттің таралуын болдырмау үшін апаттық ұңғыманың айналасында үйінді жасау жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейін, кен орнындағы өрт ұңғыманы жөндеу жұмыстары кезінде шыққан. Бұрғылау құралы көтеріліп кетіп, жер астынан газ-су қоспасы атқылап, содан өрт пайда болған.


Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу