Жамбыл облысында аптап ыстықта дәрігерге жүгінгендер көбейді
Жамбыл облысында аптап ыстыққа байланысты жедел жәрдемге тыным болмай тұр.
Мамандар мамыр айының соңынан бүгінге дейін тәулігіне 300-400 қоңырауға дейін артып келе жатқанын айтады. Медициналық көмекке жүгінгендер арасында ересектермен қатар балалар да көбейген. Бүгінде облыс бойынша 90-нан астам жедел-жәрдем көлігі шақыртуларға шығады. Ал аймақта шілде кірмей-ақ ауа температурасы 40 градусқа жетті. Тұрғындардың басым бөлігі су жағалап, салқындауға көшкен. Шаһар шетіндегі өзендер мен тоғандарда адам қарасы қалың. Дегенмен дәрігерлер күн көзінен қорғануға шақырады.
Әлихан Мирсейітов, Жамбыл облыстық жедел жәрдем станциясының аға дәрігері:
Күн салқын кездерде 1400-1500-ге дейін болса, қазір 1700-1800-ге дейін шақыртулар көбейіп жатыр. Жүрек қан-тамырлары жүйесінің аурулары бар, қан қысымының көтерілуі, жедел-ішек инфекциясына қатысты шақыртулар көбейіп жатыр.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде 46 экологиялық аумақ құрылады
26.04.2026, 23:32
Зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізіледі
26.04.2026, 23:30
Экологиялық саммитте 2 млрд долларға қандай келісімдер жасалды?
26.04.2026, 23:28
«Бизнес», «элит», «комфорт» класс атаулары заңда жоқ. Сонда қалай?
26.04.2026, 23:27
Арал теңізін толық қалпына келтіру мүмкін бе?
26.04.2026, 23:15
Алматыда «SuperStar KZ» мегажобасына іріктеу өтіп жатыр
25.04.2026, 20:08
«Бату хан» тарихи-деректі романы таныстырылды
25.04.2026, 20:06
«Қазақстан» РТРК» ұжымы сенбілікке шықты
25.04.2026, 20:05