Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйекте Германияға барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйекте Германияға барады

20.06.2023

Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйекте Германияға барады. Бұл туралы қос ел президентінің Астанадағы келіссөз барысында белгілі болды. Мемлекетік сапармен Қазақстанға келген Франк-Вальтер Штайнмайерді Қасым-Жомарт Тоқаев таңертең «Ақорда» резиденциясында ресми қарсы алды. Мемлекет басшылары алдымен бір-біріне ресми делегация өкілдерін таныстырды. Құрмет қарауылы рапорт беріп, Қазақстан мен Германияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Бүгін қос ел стратегиялық серіктестікті нығайту бойынша келіссөз жүргізіп, бірқатар құжаттарға қол қояды деп жоспарланған. Президенттер қазақ-герман бизнес форумына қатыспақ. Сонымен қатар сапар аясында Франк-Вальтер Штайнмайер Маңғыстау облысына барады. Қазақстан-Германия инженерлік институтының ашылуына жасыл сутегі зауытында сынама бұрғылау жұмыстарын іске қосу рәсіміне қатысады.


Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу