Президент Германияға ресми сапармен барады

19.11.2019
Президент Германияға ресми сапармен барады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен барады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

«19 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың Германия Федералдық Сыртқы істер министрлігінің Шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық мәселелері бойынша уәкілетті өкілі Михаел Зибертпен кездеседі. Кездесуде Мемлекет басшысының ФГР-ға ресми сапары, Орталық Азия бойынша ЕО Стратегиясын іс жүзінде іске асыру, сондай-ақ өңірлік құрылымдар мен халықаралық ұйымдар шеңберіндегі екі елдің өзара іс-қимылы талқыланады», - делінген хабарламада.

Хабарламаларға жазылу