Петропавлда жыл он екі ай жұмыс істейтін жылыжай салынып жатыр
Петропавлда қысы-жазы жұмыс істейтін жылыжай салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары 80 пайызға аяқталды. 4 гектардай аумақта жылына 3 мың тоннадан астам қызанақ пен қияр өндіріледі. Жоба құны – 7,2 млрд теңге. Қаржының басым бөлігі әлеуметтік кәсіпкерлік палатасы арқылы бөлінді. Заманауи жылыжай тамшылатып суару, қосымша жарықтандыру және көп тізбекті жылыту жүйесімен жабдықталады. Климатты басқаруға да болады. Голландиялық гидропоникалық әдіс сапалы өнім алуға мүмкіндік бермек. Өндіріс ошағында 65 жұмыс орны ашылады деп жоспарланған. Нысан шілде айында іске қосылады.
Евгений Катаев, жылыжай қызметкері:
Қазір комуникациялық желілер тартылып жатыр. Жылыжайға 60 мың текше метр топырақ әкеліп төктік. Жұмыстың басым бөлігі аяқталды. Күзде өзіміз өсірген көкөністің дәмін татуға үміттіміз.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Балғын балуандар бәсекесі
06.06.2026, 20:06
ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті
06.06.2026, 20:06
Ауа тазалығы жіті бақылауда
06.06.2026, 20:05
Қаланың сәулеттік келбеті жаңарады
06.06.2026, 20:05
Ресей мен Украина тұтқын алмастырды
06.06.2026, 20:05
Арменияда ертең парламенттік сайлау өтеді
06.06.2026, 20:05
Саяси реформалар – тұрақты даму кепілі
06.06.2026, 20:05
Ет экспорты 4 есе артады
06.06.2026, 20:05