Астана іргесінде құрғақ шөп өртеніп, тікұшақ тартылды
Астана іргесінде Қорғалжын тас жолы мен Қосшы қаласына қарай айналма жолдың арасында өрт шығып, қаланы қою түтін басты. Бұған дейін әріптесім Азамат Бейбітұлы оқиға орнынан тікелей эфирде хабар таратқан болатын. Дәл қазіргі ахуалды тілшіміздің өз аузынан естісек.
Азамат Нұғыманов, тілші:
Біз оқиға орнынан алыстап, қаланың шетінен хабар таратып тұрмыз. Бірақ осы жерден де әлі қою қалың түтіннің қалаға қарай көшіп жатқанын байқауға болады. Негізі Қорғалжын тас жолы мен Қосшы қаласының айналма жолында құрғақ шөп өртеніп жатыр. Түске таман түтенген тілсіз жауды өрт сөндірушілер әлі өшіре алмай жатыр. Ал Астана қаласы Төтенше Жағдайлар Департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері 15 гектар аумақта құрғақ жердегі өртті сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Оқиға орнына бір сағат бұрын Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов та келді. Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаменті өкілі өрт туралы пікір білдірген еді.
Эльдор Раимбеков, Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы:
Мұндағы өртті сөндіруге Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамының 158 адамы мен 33 техникасы, сондай-ақ қала әкімдігі мен Астана Орманының техникасы жұмылдырылды. Өртті сөндіру үшін Қорғаныс министрлігінің екі тікұшағы тартылған. Өрт сөндіру штабы да құрылды. Дәл қазір өртті сөндіру жұмыстары әлі де жүргізіліп жатыр. Бірақ тұрғын үйлер мен орман алқаптарына қауіп жоқ дейді мамандар.
Азамат Нұғыманов
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Qazaqstan және Qazsport: Бүгін 6 боксшымыз шығады
12.09.2025, 14:33

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына серпін қажет
12.09.2025, 14:24
ШҚО-да дәрігерлер ЖИ қолдана бастады
12.09.2025, 14:21
Сот жүйесіне жасанды интеллект енгізілді
12.09.2025, 14:18
Америкалықтар 11 қыркүйек құрбандарын еске алды
12.09.2025, 14:15
Ауғанстандағы зілзаладан соң мыңдаған адам далада қалды
12.09.2025, 14:12
Бразилияның экс-президенті 27 жылға сотталды
12.09.2025, 14:09
Ресейде ХІ Халықаралық біріккен мәдениеттер форумы өтті
12.09.2025, 14:06