«Бибі ана» қайырымдылық қорының жетекшісі, жазушы, қоғам қайраткері Бибігүл Иманғазина 80 жаста! Қаламгер туған жері Ақтөбе өңірінің жұртшылықпен кездесті.
«Биік тұлға, Бибі-Ана!» атты шығармашылық кеш ұйымдастырылды. Бибігүл Иманғазина мен ол басқаратын «Бибі-Ана» қайырымдылық қорының қызметі туралы деректі фильм көрсетілді. Жазушының «Тауқымет» атты романының желісімен сахналанған «Асқақ Арман» спектаклі көрерменге ұсынылды. Бұл шығарма кезінде «Жылдың ең көп оқылатын кітабы» атанған. Отыз жыл бойы мұқтаж жандарға көмек қолын созған жан «қайырымдылық - ең үлкен игілікті іс» екенін айтады.
Бибігүл Иманғазина Жазушы, «Бибі ана» қайырымдылық қорының президенті:
Бүгінде 585 балаға диплом алып бердік. Әке-шешелері мүгедек. Олар мүгедек болса да, телефон соғады, балаларының жағдайын сұрайды. Ал балалар үйінен шыққан балаларға өте үлкен қамқорлық керегін айтып жүреміз.
«Бибі ана» қоры 90-шы жылдардың басында мүгедек аналардың мәселелерін шешу үшін құрылған. Қордың арқасында мыңдаған отбасы қолдауға ие болды. Мүгедек аналардың балаларына жоғары білім алуға мүмкіндік жасалды. Қор басшысы бұл жолы да аналармен жүздесіп, мәселесін тыңдады. Бағыт-бағдар берді.
Тержан Мұхамбет студент:
Мотивация дейді ғой, үлкен мотивация алуға болады. Бұл кісінің кітаабы, өзі айтқандай, қаншама адамның өмірін сақтап қалды.
Жақсыбек Кемал