Қазақстан мен Нидерланд ауыл шаруашылығы саласында ортақ жобаларды жүзеге асыруға ниетті
Қазақстан мен Нидерланд ауыл шаруашылығы саласында алыс-берісті арттырып, ортақ жобаларды жүзеге асыруға ниетті. Ол үшін қос елдің министрліктері ведомствоаралық жұмыс тобын құруға уағдаласты. Қазақстандық делегация өкілдері Гаагада Нидерландтың үкімет мүшелерімен, кәсіпкерлерімен кездесіп, бизнес форумға қатысты. Елдің жылыжайларын аралап, егінді автономды өсіру үшін робототехниканы пайдалану, суды, тоқты үнемдеу, жарықтандыру технологияларымен, тың инновацияларымен танысты.
Әбілхайыр Тамабек, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
Бірнеше жылыжай компанияларымен, тұқым өндіруші компанияларымен, мал шаруашылығындағы компаниялармен кездесу өткізіп, ол жердегі ғылым мәселесін, жаңадан тұқым шығару мәселесін, Қазақстанда бизнесті әрі қарай ашу, әріптестік орнату мәселесін талқыладық.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 10:11
Алматыда өнертанушы Мұхамеджан Әлімбаевтың 75 жылдығына арналған көрме ашылды
22.10.2026, 10:09
Брюссельдегі әйгілі мүсінге қазақтың шапаны кигізілді
22.10.2026, 10:08
Павлодар облысында тауарларға жеңілдік апталығы жарияланды
22.10.2026, 10:06
Кремль Украина мәселесі бойынша үшжақты келіссөзге дайын
22.10.2026, 10:04
Адамның араласуынсыз тапсырма орындайтын ЖИ жүйелері талқыланады
22.10.2026, 10:01
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30