ТЖМ: Қатон-Қарағай ұлттық саябағындағы өрт сөндірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ТЖМ: Қатон-Қарағай ұлттық саябағындағы өрт сөндірілді

18.06.2023

Ал Шығыс Қазақстан облысының әкімі ретінде Көшербаевты біраз жауапты іс күтіп тұр. Өңірде экологиялық проблема аз емес. Әрі былтыр Риддердің ЖЭС-да апат болып, қаланың жартысы: 22 мың адам жылусыз қалғаны бар.

Бұл күндері Риддер жанындағы Батыс Алтай қорығында өрт шыққаны жарияланды. Жаңа әкім бірден оқиға орнына барған екен. Төтенше жағдайлар департаменті бұл жердегі де, Қатон-Қарағай ұлттық саябағындағы да өрт оқшауланғанын мәлімдеді.

Семейдегі өрттен кейін Экология министрлігі орманшылардың жалақысы өсетінін хабарлады. Жалақы өссе, бәлкім бұл кәсіпке деген қызығушылық та артар?! Өйткені қазір маман тапшы. Электронды еңбек биржасында орманшы мамандығына 123 бос жұмыс орны тұр. Еңбек етіп жүргендердің дені - егде жаста.


Хабарламаларға жазылу