Президент қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

27.01.2022

Ұлттық қауіпсіздік жүйесі қайта құрылады. Оны реформалауға бағытталған нақты шешімдер қабылдануы тиіс. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысып, бірқатар тапсырма берді. Қазір елдегі ахуал толығымен тұрақталды, құқықтық тәртіп қайта қалпына келді. Тұлғалардың, мемлекеттің қорғалу деңгейін арттыру үшін барлық шара қабылданып жатыр. Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы барлық мемлекеттік органдар өткен оқиғадан сабақ алуға тиіс екенін айтты.

Жаңғыртылған ұлттық қауіпсіздік жүйесі сын-қатердің кез келген қиындығына төтеп беруге дайын болуы қажет. Бұдан былай қылмыстық топтар мен террористер қалаларымызды басып алып, азаматтар мен олардың отбасыларының бейбіт өміріне қол сұғып, мемлекеттілігімізге қауіп төндірмеуі үшін шаралар қабылдауға міндеттіміз. Ұлттық қауіпсіздік жүйесін қайта құру ісінің мақсаты да осы, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сонымен қатар, қауіпсіздікке жауап беретін барлық құрылым өз жұмыстарын өзгертуі керек екенін айтты. Ол үшін нақты шараларды кешіктірмей жүзеге асыруға кірісуді тапсырды.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу