Басты Жаңалықтар Абай облысы Көкжайық ауылында заманауи техниканың кез-келген ақауын жөндейтін шебер тұрады

Абай облысы Көкжайық ауылында заманауи техниканың кез-келген ақауын жөндейтін шебер тұрады

Абай облысы Көкжайық ауылында заманауи техниканың кез-келген ақауын жөндейтін шебер тұрады. Елдар Төлегенов арнайы білімі болмаса да машиналардың электронды бөлшектерін бүге-шігесіне дейін ретке келтіруді меңгеріп алған. Қазір оған еліміздің әр түкпірінен қымбат көлік пен шет елдік агротехниканың ақауын анықтау үшін жүгінетіндер көп. Көкпекті ауданы Көкжайық ауылының тумасы Елдар Төлегенов электроникаға бала кезден бейім болған. Қазір көліктердің ең күрделі микрожүйелерін жөндейді. Көзге көрінбейтін ұсақ бөлшектерді шашып-қайта жинау ол үшін оп-оңай. Әсіресе, соңғы үлгідегі агротехникалар сынса, көпшілік оны құрастырған компанияға жүгінеді. Ол тым қымбат. Сондықтан алысқа бармай-ақ ауылдағы шебердің қызметін пайдаланып жүр.

Елдар Төлегенов, көлік жөндеуші:

«New Holland» деген кешендер бар. Тракторлар, жерді жыртатын. «John deere», «Doosan» «Kater Pilar» деген техникаларды жөндей береміз. Шет елден, Украинадан шақыртады мастерлерді. Соған қанша ақша кетіреді мысалы. Ал біз мына жерде. Жақын жерде.

Таптырмас маманды түрлі шет елдік компаниялар жоғары жалақы ұсынып жұмысқа шақырған. Бірақ ол туған ауылында бастаған бизнесін тастағысы келмейді.

Елдар Төлегенов, көлік жөндеуші:

Мерседес ориалық, Volvo, Toyota орталық дегендер шақырып отыр. Өз туған ауылыма керек болған соң сұранысқа ие болған соң осында жүрмін енді. Әлі кететін жоспарым жоқ.

Іскердің ауласындағы шағын шеберхана заманауи құрылғыларға толып тұр. Ол үнемі ізденісте. Техника жөндеудегі тың әдістерді меңгеріп, білімін жетілдіріп отырады.

Ерлан Сайлауғазыұлы, Көкжайық ауылының тұрғыны:

Осы кісіге көптеген сұраныстар болып жатыр. Десе де, әр істің өзінің маманы болса да, қай жерден болса да кәсіп ашуға болады. Бұл енді жастарға үлгі ретінде.

Елдар алда мемлекеттің инновациялық идеялар үшін беретін гранттарын иеленсем дейді. Бизнесін кеңейтуді жоспарлап отыр. Оған қоса шәкірт тәрбиелеп, ауыл жастарын осы кәсіпке бейімдемек ойда.

Ержан Жақып


Бөлісу