Абай облысында өрт кезінде қаза болғандардың отбасына пәтер берілді
Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша Абай облысында орман өрті салдарынан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына пәтер кілттері табысталды. Опат болған 14 орманшы мен тракторшы Сергей Архиповтың жақындарына Семейдегі Қарағайлы шағын ауданында салынған жаңа баспаналар берілді. Абай облысының әкімі марқұм Саят Нұржігітов пен Амангелді Дүйсембаевтың отбасына 2 және 3 бөлмелі пәтердің кілттерін тапсырды. Одан бөлек мемлекет тарапынан әр отбасына 7 млн теңге, сондай-ақ, қосымша әр балаға 2 млн теңге төленеді. Асыраушысынан айрылғандықтан жәрдемақы, біржолғы әлеуметтік төлем беріледі. Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев отбасылардың жағдайы үнемі бақылауда болып, қосымша тағы қолдаулар көрсетілетіндігін жеткізді.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06