Агроөнеркәсіп саласында қаржы тиімсіз жұмсалып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Агроөнеркәсіп саласында қаржы тиімсіз жұмсалып жатыр

15.06.2023

Субсидияға триллиондап қаржы бөлінсе де, өнімдерді импорттау азаймай отыр. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында палата төрағасы Мәулен Әшімбаев агроөнеркәсіп саласында қаржының тиімсіз пайдаланып жатқанын сынға алды. Соңғы 5 жылда тек ауыл шаруашылығы саласының өзіне 2 триллион теңге қолдау қаржы берілді. Соған қарамастан өткен жылы азық-түлік импорты 20 пайызға өскен.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Қыруар қаржы салынып жатыр. Дегенмен бұл жерде қауіп те жоқ емес. Ресей рублі құнсызданып барады. Тиісінше импорттық өнім арзандайды. Осылайша біздің өнім өндірушілер тиімсіз жағдайға тап болды. Біз оқшауланған ел емеспіз, Ресеймен арада кедендік баж да жоқ. Сәйкесінше мұның бәрі бізге әсер етіп отыр.

Бұдан бөлек, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларға да қатысты мәселе бар. Олар тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға арналған қаражатпен тиісті деңгейде жұмыс атқармай келеді. Активтер мен жер учаскелерін жөнсіз басқару деректері де тіркелген. Елдегі арнайы экономикалық аймақтар да берілген ақшаны ақтамай отыр. Сондықтан қажет болса, осы саланы реттейтін заңдарды қатаңдатамыз, - деді сенат төрағасы.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу