Биыл Астана қаласын дамытуға тартылған инвестиция көлемі 425 млрд теңгеден асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Астана қаласын дамытуға тартылған инвестиция көлемі 425 млрд теңгеден асты

15.06.2023

Биыл Астана қаласын дамытуға тартылған инвестиция көлемі 425 млрд теңгеден асты. Бұл былтырғыға қарағанда 20 пайызға көп. Президент қабылдауында болған елорда әкімі Жеңіс Қасымбек осылай деп есеп берді. Биыл құны 87 млрд болатын 25 жоба инвесторлардың көмегімен жүзеге аспақ. Нәтижесінде 2 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады.

Сондай-ақ 6 мыңға тарта әлеуметтік баспана жыл соңына дейін салынып бітуі тиіс. 400 жаңа автобус пайдалануға беріледі. Жеңіс Қасымбектің сөзінше, қаладағы су тапшылығы мәселесі кезең-кезеңімен шешіледі.

Жеңіс Қасымбек, Астана қаласының әкімі:

Мемлекет басшысына әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы баяндама бердім. Жалпы осы жылдың бес айы бойынша негізгі көрсеткіштер оң динамика көрсетіп жатыр. Мысалы, қалаға келген инвестицияның көлемі былтырға қарағанда 21 пайызға өскен. Сондай-ақ Мемлекет басшысы жылыту маусымына дайындық бойынша тапсырмалар берді.


Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу