Ақтөбелік мұғалім домбыра үйретудің ерекше әдісін ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбелік мұғалім домбыра үйретудің ерекше әдісін ойлап тапты

14.06.2023

Ақтөбелік мұғалім мүмкіндігі шектеулі балаларға домбыра үйретудің ерекше әдісін ойлап тапты. Бұл бағдарлама арқылы есту қабілеті нашар жандардың өзі музыкалык аспапты жылдам меңгере алады.

Музыка пәнінің мұғалімі Гүлсана Мағзымбетова бұл әдісті 6 жыл бұрын балабақшада жұмыс істеген кезінде қолдана бастаған. Кішкентайларға нота үйрену қиын болғандықтан осындай қадамға бардым дейді. Түстер мен фигураларды нота мен сандардың орнына пайдаланады. Бұл еңбегі үшін авторлық құқық та алған. Осы уақытқа дейін жаңа әдіс бойынша 150-ден астам ерекше бала домбырада ойнауды меңгеріп шықты. Гүлсана мемлекеттен бір 1,5 миллион теңге грант жеңіп алып, жаңа аспаптар алған.

Гүлсана Мағзымбетова, музыка пәнінің  мұғалімі: 

Нотаның баламасы – түстер, фигуралар – саусақтар. Бұл бағдарлама арқылы кез-келген аспапты үйренуге болады. Эпилепсиямен, Даун синдромымен  ауыратын балалармен жұмыс жасап көрдім. Барлығы да бұл бағдарламаны жеңіл әрі тиімді қабылдайды. 


Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу