Жамбылдық жас өнертапқыш WI-FI-мен басқарылатын «Ақылды үй» жобасын ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылдық жас өнертапқыш WI-FI-мен басқарылатын «Ақылды үй» жобасын ойлап тапты

14.06.2023

Жамбылдық жас өнертапқыш WI-FI-мен басқарылатын «Ақылды үй» жобасын ойлап тапты. Мүмкіндігі көп үйде тұру үшін қолыңызда телефон болса жетіп жатыр.

Үйдің шатыры күннің қызуы арқылы жарық пен жылу бөледі. Елубай есімді жас өнертапқыш заманауи баспанаға айналатын ақылды үйдің өзіндік бағдарламасын жетілдіруде. Алда барлық есік-терезе, едені мен шатыры, тіпті жиһазына дейін телефон арқылы басқарылмақ. Ол осы мақсатта тынбай еңбектенуде.

 Елубай Есімхан, өнертапқыш: 

WI-FI арқылы осы датчикке кіреміз де, осы бір тетік арқылы жарығын өз қолымыз өшіріп, қоса аламыз және мына сыртта тұрған қақпаны осы телефон арқылы басқарып, ашып, жаба аламыз. 

 Ал «Үміт» оқушылар сарайының шәкірттері суретке сәуле түсіру арқылы мультфильм жасауды үйреніп алған. Балалар бір жылда «Бауырсақ» және «Наурыз хикаясы» ертегілерінен үш тілде мультфильм жасады. 13 жастағы Аслан бала кезінен анимациямен айналысуды армандайды. Сөйтіп қатарластарының басын қосып, ертегі кейіпкерлерінің суретін сала бастайды. Ал сол суреттерді сәуле астында жылжыту арқылы мультфильм жасауды меңгереді. Олар осы жылы тағы жеті қазақ ертегісін мультипликация тілінде сөйлетпек.

 Аслан Жапсархан, жас аниматор:

Мультфильм жасау оңай емес. Біреу сурет салады, біреуі даусын келтіреді, монтаждайды. Кино түсіруден де  мультфильм қиын. Бір мультфильм жасауға 4-5 айдай кетеді. 



Данияр Әлімқұл

Хабарламаларға жазылу