Түркия мен Өзбекстан Абай облысындағы орман өртін сөндіру жұмыстарына көмектесуге дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия мен Өзбекстан Абай облысындағы орман өртін сөндіру жұмыстарына көмектесуге дайын

13.06.2023

Абай облысындағы орман өртін сөндіруге өзге мемлекеттер көмектесуге дайын. Мұндай ұсыныс бауырлас Түркия мен Өзбекстан елдерінен түскен. Бұл жөнінде бүгін Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті. Ведомство өкілі әзірге Қазақстан Абай өңіріндегі қызыл жалынды сөндіруге қатысты көмекке мұқтаж еместігін жеткізді.


Самал Қыбышева

Хабарламаларға жазылу