007-Spectre қазақ тілінде көрсетіледі

Бүгін Алматы мен Астанада «007-Spectre» фильмінің алдын ала көрсетілімі болады. Көрсетілімнің басты ерекшелігі фильмнің қазақ тілінде көрермендерге ұсынылуында болып отыр. «007-Spectre» фильмі британдық агент Джеймс Бонд жайындағы кинотуындылардың жиырма төртіншісі.
Жалпы, шетелдік танымал әрі жаңа фильмдерді қазақ тіліне аудару 2011 жылдан басталған. ««007-Spectre» фильмі қазақ тілінде дыбысталған он екінші фильм. Бұған дейін әлемдік кино индустрияда танымал болған «Көліктер-2», «Қара киімділер-3», «Батыл жүрек», «Жаңа өрмекші адам», «Монстрлар университеті», «Жалғыз рейнджер», «Галактика сақшылары» және басқа да бірнеше фильм қазақ тілінде көрсетілген болатын. Голливудтың жаңа туындыларын қазақ тілінде көрерменге ұсыну ісін «Болашақ» қауымдастығы ұйымдастырып жүр. Ал, осы жолы жаңа фильмнің қазақша дубляжы мен көрсетілімді ұйымдастыру ісіне «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры мен «Тұрығын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ демеушілік жасапты. Ал, жобаға «Нұр Отан «партиясы, Алматы қаласы әкімдігі, «Бәйтерек ҰБК» АҚ қолдау көрсеткен. «007-Спектрдің» алдын ала көрсетіліміне демеушілер, жоба серіктестері, дубляжға қатысқан шығармашылық топ өкілдері, мәдениет және медиа саласының танымал тұлғалары қатысуға ниет білдірген.
Kaznews.kaztrk.kz

Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05