Абай облысындағы өрт кезінде жоғалғандар табылған жоқ
Хабар-ошарсыз кеткен өрт сөндірушілер кешелі бері сокүйі табылмады. Мамандар олармен байланысқа шыға алмай отыр. Тілсіз жаумен күресуге еліміздің әр түкпірінен қосымша күш келіп жатыр.
Абай облысындағы алапат өрт кезінде жоғалған 11 адамнан әлі хабар жоқ. Кеше өрт сөндіріп жүріп қаза болған, 3 адамның денесі табылған болатын. Әлеуметтік желіде хабар-ошарсыз кеткендердің барлығы қаза тапқан деген жалған ақпарат тарай бастаған. Бұл ақпаратты мамандар жоққа шығарды. Қазір іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Тілсіз жау екі күнде Семей Орманындағы 60 000 гектардан астам жерді күлге айналдырды. Қазір өртті сөндіруге 800 адам, 200 техника жұмылдырылған. Жедел штабтың жұмысын Төтенше жағдайлар министрі Юрий Илин өз бақылауына алған. Кеше күндізі 12-лер шамасында 3 гектар жанған, кейін 100 гектарға дейін күрт өсті. Бұл жағдайды дұрыс бағамдай алмағанның салдары, деді министр. Ал кешкісін 30 мың гектар аумақты жалын шарпыды. Дереу Алматы қаласынан, Алматы, Жетісу және Қарағанды облыстарынан қосымша адам мен техника жіберілді. Қазір 8 тікұшақ өртті әуеден сөндіруде. Оған қосымша Қызылорда облысынан көмекке тағы бір тікұшақ келмек. Кеше өрттен қауіп төнген Озерки ауылдық округіндегі, Каштак, Полинки, Тепкаши, Талица ауылдарынан тұрғындар қауіпсіз жерге кеткен. Қажет жағдайда халықты көшіруге арнайы автобустар да шығарылған.
Тұрғындар үшін қазір жедел желі жұмыс істеп тұр. 8 7172 53 32 84, 8 72 22 35 38 31 нөмірі арқылы психологтардың жұмысы ұйымдастырылған. Жергілікті тұрғындар, сондай-ақ Семей қаласындағы еріктілер өрт сөндірушілерге тамақ, су жеткізіп көмек қолын созып жатыр.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін парашаңғышыларымыз сайысқа шығады
10.03.2026, 13:24
1218 адамға жәрдемақы мен әлеуметтік төлем автоматты түрде тағайындалған
10.03.2026, 13:21
Жетісу облысындағы 469 дауыс беру учаскесі дайын
10.03.2026, 13:15
Жаңа Конституция – дамудың жаңа кезеңі
10.03.2026, 13:12
Трамп Таяу Шығыстағы соғыстың кешікпей аяқталатынын мәлімдеді
10.03.2026, 13:09
Республикалық маңызы бар тас жолдар жабылды
10.03.2026, 13:06
Астананың күні күрт бұзылды
10.03.2026, 13:03
«Наурыз» бағдарламасына өтінім қабылдау басталды
10.03.2026, 13:00