Петропавлда өрттен жапа шеккендерге баспана беріледі
Петропавлда өрттен жапа шеккен тұрғындарға баспана беріледі. 7 мамыр күні Береке ықшам ауданында қамыс тұтанып, қызыл жалын тұрғын үйлерге жеткен еді. 9 үй толық, 2 үй жартылай жанып кетті. Мамандар өрттен зардап шеккен адамдардың мүлкін бағалауды аяқтады. Бюджеттен 140 млн теңге бөлінбек. Бұл сома баспанасыз қалғандарға пәтер сатып алуға жұмсалады. Қазір олар уақытша жалдамалы баспаналарда тұрып жатыр. Ал жанып кеткен үйлердің жер учаскелері мемлекет меншігіне алынады.
Эльмира Сәдуақасова, қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы:
Пәтер оларға сатып алынады. Бұл ретте ең басты талап – ол пәтердің аумағы өздерінің иеліктерінде болған баспананың аумағынан аспауы тиіс.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15