Астана форумының екінші күнінде 30-дан аса панельдік сессия өткізілді
Астана форумының екінші күнінде сарапшылар өзекті мәселелерді көтеріп, 30-дан астам панельдік сессия өткізді. Экономика, креативті индустрия, ақпарат, цифрлы технология, бизнес сынды тақырыптар қамтылған. Шетелдік сарапшылардың айтуынша әлемдік деңгейдегі көкейкесті мәселелерді бірлесіп шешу аса маңызды.
Данияр Аманәлиев, Қырғызстанның шығармашылық индустриялар қауымдастығыныңтең төрағасы:
Болашақты өзгерте алатын адамдар орталық Азияға жиналып, адамзатқа қатысты мәселелерді шешуге келді. Қазір орталық Азия мәселелеріне мән берілмесе, кейін аяққа нық тұру, дамуға қиынға түседі. Сондықтан форумның маңызы зор. Кезінде экономикалық форум болған еді, ал қазір халықаралық форумға айналып отыр. Ол өте жақсы эволюция.
Дэвид Перриш, Британдық шығармашылық бизнес саласындағы сарапшы:
Менің форумдағы алдыма қойылған міндет – креативті индустрияның маңыздылығын көрсету. Орталық Азияда, әсіресе Қазақстанда көптеген еңбекқор адамдар бар екеніне сенімдімін. Біз тек нарықты толық түсініп, зерттей білуіміз керек. Осылайша жаңа жұмыс құрып, экономикаға ықпал етеміз. Бұл бәріміздің қолымыздан келеді. Оған миллион доллар қаражаттың қажеті жоқ, бизнес құру оңай, бірақ ол бизнесті эффективті ету қиын. Міне, осы осы сұрақтың төңірегінде бүгін өз ойымды айттым.
Двинита Ларасати, Бандунг технологиялық институтының ғылыми қызметкері:
Осы форумда біз Орталық Азия экономикасының динамикасын және оның жыл сайын қалай өзгеріп жатқаны туралы жан-жақты пікір алмасып, зерттеу жүргіздік. Сонымен логистика, өнім мен қызмет көрсету мәселесіне де тоқталдық. Қазіргі уақытта технология маңызды рөл атқарады. Сондықтан бизнес пен индустрия, білім мен ғылымға үлкен мән беру керек.
Ақмаржан Ғафизқызы
Автор
Ақмаржан Ғафизқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әділетті мемлекет дегеніміз – құқықтық мемлекет»
19.10.2026, 12:12
«Таза Қазақстан» акциясы аясында жастармен кездесу өтті
19.10.2026, 10:12
Cпорттағы оң өзгерістер өзгелер үшін де үлгі
19.10.2026, 10:10
Нагояда Азия пара ойындары басталды
19.10.2026, 10:09
Елордада Республика күні 120-дан аса іс-шара өтеді
19.10.2026, 10:08
Ұлттық ғылым академиясына – 80 жыл
19.10.2026, 10:07
Екі қалада есірткі сатқан әйел ұсталды
19.10.2026, 10:07
Канадада әскери базада өрт болып, 4 сарбаз қаза тапты
19.10.2026, 10:05