Бензаманың «Әл-Иттихад» футбол клубында таныстырылымы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бензаманың «Әл-Иттихад» футбол клубында таныстырылымы өтті

09.06.2023

Франциялық шабуылшы Карим Бензаманың Сауд Арабиясындағы «Әл-Иттихад» футбол клубында таныстырылымы өтті. Шараға 62 мыңнан астам адам қатысқан. Жаңа командасының жидесін киіп шыққан аяқ доп шебері жанкүйерлеріне былтыр жеңіп алған «Алтын добын» көрсетті. Сондай-ақ, БАҚ өкілдеріне Сауд Арабиясының футбол клубын таңдау себебін айтты. Бенземаның келісімшарты 2026 жылға дейін. Ол екі жылға 200 миллион еуро жалақы алады.

Карим Бензема, футболшы:

Мен мұсылманмын және осы мұсылман елінде өмір сүргім келді. Мен не істей алатынымды көрсетуге дайынмын, бұл жаңа сынақ. Бұл лигада Криштиану Роналду сынды мықты ойыншылар бар. Мен Еуропада қол жеткізген жетістікке осында да жетуім. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу