Абай облысында 30 мың гектар жер өртке оранды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысында 30 мың гектар жер өртке оранды

09.06.2023

Семей орманында тұтанған өрт 30 мың гектарға жайылып кетті. Успенское, Понебесное және Барышевка ауылдарына қауіп төніп, тұғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Олар Бородулиха ауылындағы мектеп пен колледждегі эвакуациялық пункттерге орналастырылған. Бейресми ақпарат бойынша,  бір үй жанып кеткен. Орман өртін өшіруге 6 тікұшақ тартылды. Аэровизуалды тексеру жүргізген мамандар өрт ошақтарын әуеден сөндіруге тырысып жатыр. Алайда +38 градус атап ыстық пен жел қиындық тудырып отыр. Қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар министрлігі, Орман шаруашылығы комитеті, Қорғаныс министрлігінен барлығы 600 астам адам, 168 техника үздіксіз жұмыс істеп жатыр.

 Юрий Ильин, ҚР Төтенше жағдайлар министрі: 

Сағат 12-лер шамасында 3 гектар жанған, кейін өрттің ауқымы 100 гектарға дейін күрт өсті. Бұл әу баста жағдайды дұрыс бағамдай алмағанның кесірі болуы мүмкін. Сондықтан қосымша күштер мен құралдар дер кезінде жіберілмеді. Шығыс Қазақстан облысы, Қарағанды, Астана мен Қызылорда және Алматыдан өртті сөндіру үшін тікұшақтар апарып жатырмыз. 

Абай облысындағы табиғи өртке байланысты жедел желі ашылды. 


Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу