Климаттың өзгеруі әлемдік мәселеге айналды
Астана форумында Қазақстанның ғана емес бүкіл әлемге ортақ мәселелер талқыланды. Экономикалық, логистикалық, саяси мәселелерден бөлек табиғи проблемалар көтерілді. Соның негізгілерінің бірі климаттың өзгеруіне байланысты су тапшылығының басталуы.
Джошуа Линкольн, ТАФТС Университеті Флечер заң және дипломатия мектебінің аға ғылыми қызметкері:
Менің ойымша, жасыл энергетиканың заманы келе жатыр. Бізде одан басқа жол да жоқ. Әсіресе, батыс елдері баламалы энергия көздерінің тиімділігін түсінді және осы бағытта қарқынды жұмыс істеп жатыр. Қазақстан да осы жолға түсуі керек. Алғашқы қадамдар жасалды. Тек аялдамай жаңа технологияларда өмірімізге кіріктіре беру керек.
Даррен Сикман, Valmount Industries вице-президенті:
Суды ең көп тұтынатын ауыл шаруашылығы саласы. Оның тапшылығын жою үшін суды үнемдеп үйрену қажет. Мысалы суармалы шаруашылықта судың жартысынан көбі жай ғана топыраққа сіңіп кетеді. Оны толықтай өскін сіңіретін технологиялар бар. Менің ойымша қазіргі әлемдегі мәселелердің басым бөлігін заманауи технологиялар шешеді.
Оңғар Алпысбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құқықтық мәдениет – дамыған өркениет негізі
24.09.2026, 20:31
Азиада: Ел қоржынына 8 жүлде түсті
24.09.2026, 20:30
Алматы облысында суару жүйесі жаңартылады
24.09.2026, 20:26
Абай облысындағы Байбура асуына жылыту бекеті салынды
24.09.2026, 20:24
Петропавлда көпбейінді кешен салынып жатыр
24.09.2026, 20:19
Almaty SuperSki жобасы 2028 жылы іске қосылады
24.09.2026, 20:18
БҚО-да 293 шақырым тасжол жөнделіп жатыр
24.09.2026, 20:16
AI-хакатон қатысушылар саны бойынша әлемдік рекордты жаңартты
24.09.2026, 20:14