Павлодарда қорықшыларға суқұзғындарды атуға рұқсат беріледі
Қорықшыларға суқұзғындарды атуға рұқсат беріледі. Ертіс өзенінде жыртқыш құстар былтыр 130 мың тонна балықты жоқ қылған. Бұлар браконьерлерден де қауіпті болып тұр дейді мамандар. Балық өсіру бағдарламасы бойынша Ертіске 40 мың тонна тұқы балығының тұқымы жіберілмек. Алайда салмағы 150-200 грамм ғана болатын шабақтарды су құзғындары бір аптаның ішінде жойып жібереді деген қауіп бар.
Аян Бахиянов, Балық шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары:
Балық шаруашылығы субьектілерінің ұсыныстарын қабылдап бүгінгі таңда тиісті өзгертулер енгізілді. Енді сол өзгертулерге сәйкес осы балық шаруашылығы субьектілері қорықшыларына жаңағы суқұзғындарын атуға рұқсат берілді. Ол бұйрық бүгінгі таңда тиісті құзіретті органдармен келісілді.
Биыл Ертіс өзені тасыған жоқ. Жылдағыдай жайылымға балық уылдырық шаша алмады. Салдарынан өзенде балық күрт азайды. «Бұның зардабы алдағы екі-үш жылда анық байқалады», - дейді мамандар.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16
Кеншілер әулетіндегі жас маман атакәсіпті жалғастырды
21.10.2026, 20:15