Премьер-Министр Әлихан Смайылов Халықаралық валюта қорының Қазақстан бойынша миссиясының басшысы Николя Бланшемен келіссөз жүргізді. Жалпы Қазақстан мен Қор арасында кең ауқымды экономикалық мәселелерді қозғайтын тығыз байланыс орнаған. Әсіресе, республиканың қаржы секторын кешенді бағалау қарқынды жүріп жатыр. Оның үстіне, жақын арада Алматы қаласында Кавказ, Орталық Азия елдері және Моңғолия үшін әлеуетті дамыту жөніндегі өңірлік Халықаралық валюта қорының орталығын ашу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, кездесу барысында Әлихан Смайылов 2030 жылға қарай Ұлттық қордың валюталық активтерін 100 млрд долларға дейін арттыру жоспарланып отырғанын айтты. Ал Николя Бланше Халықаралық валюта қоры даму реформаларын іске асыруда Қазақстанды одан әрі қолдауды жоспарлап отырғанын жеткізді.
Азамат Бейбітұлы