Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясының Президентімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясының Президентімен кездесті

06.06.2023

Мемлекет басшысы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламент Ассамблеясының Президентімен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Маргарета СедерФельтке парламенттік дипломатия мемлекеттер мен халықтар арасындағы байланыстарды нығайтуға көмектесетінін айтты. Маргарета Седерфельт Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды қолдайтынын және негізгі саяси институттардың жүйелі өзгеру барысын ерекше қызығушылықпен бақылап отырғанын жеткізді. Кездесу барысында Астана халықаралық форумындағы, сондай-ақ, аймақтық және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу