Елімізде 5 күнде 17 адам суға батып кетті. Бүгінгі үкімет отырысында Әлихан Смайылов осылай деді. 3 адамның денесі әлі табылмаған. Қайғылы оқиғалардың дені шомылуға рұқсат етілмеген жағажайларда болған. Республика бойынша 500-ге жуық шомылу орны жасақталған. Алайда бұл жеткіліксіз болып отыр. Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарында орындар нақты бекітілмеген де. Яғни ол өңірлерде суға шомылушылардың қауіпсіздігі мүлде қамтамасыз етілмеген. «Мәселені жылдам реттеу керек», - деді Премьер-Министр.
Оңғар Алпысбайұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде 5 күнде 17 адам суға батып кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/176995/)