Жамбылда тәртіп сақшыларымен болған төбелес тексерілуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылда тәртіп сақшыларымен болған төбелес тексерілуде

05.06.2023

«Тәртіп сақшылары 4 жерімнен пышақтады». Жамбыл облысы Шу қаласының тұрғыны Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне осылай деп үндеу жасады. Жәбірленушінің сөзінше, оны 6 тергеуші жабылып ұрған көрінеді. Пышақ жарақатынан ол ауруханаға түседі.

Туыстарының айтуынша, дау-дамай дәмханада басталған. Жәбірленушінің көлік прокуратурасында қызмет ететін інісі тәртіп сақшыларымен ерегісіп қалады. Артынша жедел уәкілдер оны ұрып жіберген. Інісіне араша түсуге келген жігітті бір топ полицей соққыға жығып, 4 жерінен пышақ ұрған. Жәбірленуші осы оқиғаға қатысы бар адамдар істі жылы жабуға тырысып жатыр дейді. Ал полиция департаменті оқиға нақты қалай болғанын анықтау мақсатында жедел уәкілдердің үстінен іс қозғаған.

Гүлсара Мұхтарқұлова, Облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

Қылмыстық Кодекстің 293 бабының 3-ші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта Жамбыл облыстық полиция департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері істің толық мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті жедел тергеу іс-шараларын жүргізуде.

Данияр Әлімқұл

Хабарламаларға жазылу