Абай облысы әкімдігі БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз-турын ұйымдастырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысы әкімдігі БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз-турын ұйымдастырды

05.06.2023

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі мен Абай облысы әкімдігі БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз-турын ұйымдастырды. Шара Абай облысының құрылғанына бір жыл толуына орайластырылған. Өңір журналистері облыстағы медицина, білім, өндіріс пен энергэтика саласындағы бірқатара кәсіпорындарды аралап, жұмысымен танысты.

«Qazaq Astyq Group» зауыты май өндіретін өңірдегі ірі кәсіпорын. Тәулігіне 1000 тоннаға жуық күнбағыс өңдейді. Қазір өндірісте үш кезеңнен тұратын жоба жүзеге асырылып жатыр.

Николай Ушаков «Qazaq Astyk croup» ЖШС Бас директоры:

Бірінші кезең бойынша майды экстракциялау зауыты салынды. Жобаның қуаттылығы – тәулігіне 1200 тонна күнбағыс өңдеу. Екінші кезең тазарту цехын, бөтелкедегі майды құю және буып-түю желісін салу. Қазір осы жобамен жұмыс істеп жатырмыз.

Энергетика саласындағы ең ірі нысанның бірі - Шүлбі су электр стансасы. 30 жылдан бері Қазақстанның бірқатар өңірін қажеті энергиямен қамтып келеді. Қазір мұнда негізгі жабдықтың жағдайын бақылап, ақауларды ерте анықтауға мүмкіндік беретін пилоттық жоба жүзеге асып жатыр.

Қайрат Кеңесбаев, «Шүлбі» сэс техникалық директордың міндетін атқарушы:

Бір агрегаттың өзі қуаты 117 мегават энергия өндіреді. Шүлбі су электр стансасы Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарының 25 пайызын тоқ көзімен қамтамасыз еті отыр. Қазір 5 агрегаттың бірі күрделі жөндеуден өтуде.

Еліміздің білім саласына қажет мамандарды дайындайтын Семейдегі Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледж -ең көне оқу орыны. Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан, Жүсіпбек Аймауытов сынды алаштың ардақтылары білім алған. 120 жылдық мерейтойын атап өтуге қызу дайындық жүргізіп жатқан білім ордасында бірқатар өзгерістер болмақ.

Шағангүл Жанаева, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің директоры:

1,5 мың бала оқып жатқаннан кейін бұлардың басын қосып өткізетін орын тарлық жасаушы еді. Осыны көздей отырып әкіміміз студенттерге арналған, олардың мәдени шарасы өткізілетін 300 орындық мәдениет сарайын салып бергелі отыр.

БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз-турында тілшілер қаладағы 150 орындық оңалту орталығы мен «IV plus» клиникасында болып, медициналық нысандардың жұмысымен де танысты.

Ержан Жақып


Хабарламаларға жазылу