Жамбыл жерінде қолөнершілердің халықаралық көрмесі басталды
Жамбыл жерінде қолөнершілердің халықаралық көрмесі басталды. «Тараз – қолөнершілер қаласы» атты II-ші халықаралық көрмеге Тынық мұхиты, Азия, Еуропа елдерімен қатар Қазақстан қолөнершілері қатысуда.
Данияр Әлімқұл, тілші:
10-ға жуық мемлекеттен жиналған қолөнершілер қатарында қазақтың ұстасы Абдулла ақсақал да бар. Ата темірден түйін түйіп жатсыз, бұл көрмеге не алып келдіңіз, көрікте не қыздырып жатырсыз?
Абдулла Наурызбаев, ұста:
Ата әбзелдері, баяғыдан келе жатқан ата-кәсібіміз. Соған ауыздық, үзеңгі, тартпа, тағаларын жасап жатырмын қазір.
Данияр Әлімқұл, тілші:
Қолөнершілер қаласындағы көрмені көріп, сонау орта ғасырларда жүргендей сезіндік. Өйткені тарихи жәдігерлерге тұнып тұр. Ал осында әлемдік қолөнершілердің президенті Әзизбек мырзаны көріп тұрмыз. Әзизбек Мақсұтұлы бұл жолғы көрменің бұған дейінгі көрмеге қарағанда ерекшелігі, ауқымы қалай болып жатыр?
Әзизбек Мұртазаев , Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесінің президенті:
Бұл жолы 250 адам қатысып жатыр. Мақсатымыз - көне заттарды бүгінгі заман талабымен қайта жандандыру.
Данияр Әлімқұл, тілші:
Тәжікстаннан келген қолөнершілер осындай пышақ, қылыш, қанжарларды саудалауда. Бұл болаттан жасалған бұйымдар. Ал арғы бетте Үнді жағалауынан келген Рагхаб шеберді көріп тұрмыз. Рагхаб бұл алтындардың өзге алтындардан айырма-артықшылығы неде?
Рагхав Радж Сони, зергер:
Әулетімізбен 400 жыл бойы «Зеуа» брендінің зергерлігімен айналысамыз. Мына 23 қарат алтын бұйымдар Үнді патшалығының аурасын сыйлайды. Махараджалардың ержүректігі мен романтикасын көрсетеді.
Данияр Әлімқұл, тілші:
Көптің басын қосқан көрме үш күнге жалғаспақ. Келесі жылы да Тараз төрінде өтеді.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елдегі энергия саласының әлеуеті артады
10.03.2026, 20:56
Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды
10.03.2026, 20:49
Өңір тұрғындары Конституциялық реформаға қолдау білдірді
10.03.2026, 20:16
Шетелге саяхаттау қауіпсіз бе?
10.03.2026, 20:16
Сыртқы Істер министрлігі ескерту жасады
10.03.2026, 20:12
Зейнетақы шотындағы артық ақшаны емге пайдалануға қайтадан рұқсат етілмек
10.03.2026, 20:12
Елімізде былтыр 20 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
10.03.2026, 20:10
Референдумды 359 халықаралық байқаушы бақылайды
10.03.2026, 20:09