Елде азотты және фосфорлы тыңайтқыштар өндірісі күрт азайған. Бірі 8 пайызға, екіншісі бірден 8 есеге қысқарды деп отыр Ұлттық статистика бюросы. Бірақ зауыт өкілдері де, Индустрия министрлігі де фосфор бойынша мәліметтің қате екенін мәлімдеді. Кәсіпорын басшылығы тыңайытқышты көптеп шығаруға қауқарымыз бар, бәрі сұранысқа байланысты дейді. Фосфорлы тыңайтқышты Жамбыл облысында ең көп шығаратын зауыттың өзі осы жылдың алғашқы үш айында-ақ 197 мың тонна өнім өндірген. Бұл былтырмен салыстырғанда 113 пайызға көп. Зауыт тарапы, кәсіпорынның қуаты 1 миллион тонна тыңайытышты шығаруға қауқарлы дейді. Бірақ негізгі мәселе, диқаншылардың оны сатып алуында. Өйткені өзге елден әкелінетін тыңайтқыштарды кәсіпкерлер қарызға ала алады. Ал мемлекеттің субсидия бөлу тәсілі отандық өндірушілерге басымдық бермей отыр.
Ерболат Бәзілжанов, зауыт өкілі:
Біздің зауыттарға 50 пайыз беру керек, ал шетелдіктерге төмен түсіру керек. 20-30 пайыз жетіп жатыр оларға. Олар енді бағасын төмен түсірсін.
Ал Ақтаудағы азотты тыңайтқышты өндіретін зауыттың су мен электр қуатына тәуелділігі өнім шығару қуатын 8 пайызға бәсеңдетті. Оған қоса сұраныс та бірден 40 пайызға азайған. Оған Ресейдің арзан өнімінің нарықты жаулап бара жатқаны себеп. Ал бұл мүмкіндікті субсидиямен барынша үнемдеп, сатып алатын кәсіпкерлердің жіберіп алғысы жоқ.
Әлімбай Балғабаев, ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымдар академиясының академигі:
Қазақстанда 1 гектр жерге қолданып жатқан тыңайтқыштардың көлемі 5-6-ақ келі. Еуропа елдерінде 600-700 киллиограмм қолданады. Біз 100 есе аз қолданамыз. Көп қажет еткенімен берілмей жатыр, ауылшаруашылығы ала алмай жатыр. Кедергілер көп. Қазақстанның қажеттілігі азотқа 700 мың тонна керек. Ал фосфордан 500-600 тонна керек.
Бүгінде Ауыл шараушылығы министрлігі бір жарым мың тыңайытқаш түріне субсидия береді. Оның 90 пайызы микро тыңайтқыштарға бөлінсе, қалғаны азот, фосфор, калий сияқты макротыңайтқыштарға жасалатын жеңілдік. Сала мамандары бұл керісінше болса, өнімнің 40 пайызға артатынына сенімді.
Әйгерім Ердәулет